Жезқазғанда басқарудан шығып кеткен көлік бір топ адамды қағып кетті (видео)

0
460

Көлікте отырған бес жасар бала қол тежегішті босатып жіберген.


Жезқазғанда басқарудан шығып кеткен көлік бір топ адамды қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Жезқазғанда шетелдік көлік бес адамды қағып кетті, деп жазады zakon.kz.

Редакцияға кері бағытта келе жатқан шетелдік көлік жол жиегінде тұрған бес адамды қағып кеткен видео келді.Біраз уақыттан кейін көліктен бір бала түсіп, қашып кеткен. Қасында бір әйел болды, ол біраз уақыттан кейін баланың соңынан ереді.


Болған жайтқа қатысты Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ түрлі жарақат алған төрт жаяу адам ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Полицейлер көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішті босатып жібергенін анықтады. Салдарынан көлік өздігінен жүріп, адамдарды қағып кеткен.