​Жезқазғанда жүкті келіншек пен құрсағындағы 7 айлық шаранасы көз жұмды

0
2 519

17 ақпан күні кешкілік Жезқазған қаласының көпсаласы ауруханасына жүктіліктің 29 аптасында болған келіншек айтолғақ қысып, жедел жәрдеммен жеткізілген.


​Жезқазғанда жүкті келіншек пен құрсағындағы 7 айлық шаранасы көз жұмды

ERNUR.KZ. 18 ақпан күні Жезқазған қаласындағы медициналық мекемеде ішінде 7 айлық баласы бар 39 жастағы келіншек қайтыс болды, деп жазады BAQ.KZ.

Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған. Жүкті әйел мен іштегі баласының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, олардың денесі сараптамаға жіберілді.

17 ақпан күні кешкілік Жезқазған қаласының көпсаласы ауруханасына жүктіліктің 29 аптасында болған келіншек айтолғақ қысып, жедел жәрдеммен жеткізілген. Келесі күні аяғы ауыр келіншектің денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, ана мен баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«1979 жылы туылған әйел артериалдық қысымның көтерілуі сырқатымен Сәтбаев қаласында есепке алынған. Оны жедел медициналық көмек көрсету қызметінің дәрігерлері 17 ақпанда ауруханаға жеткізген. 18 ақпан күні палатада әйелдің жағдайы кенеттен ауырлап кеткен. Оған шұғыл түрде операция жасалды. Бала іште жатқанда қайтыс болған. Әйел де көз жұмды», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйел мен оның баласының өмірін сақтап қалу мүмкін болмағандығын айтты.

«Әйелде қиын патология анықталды. Бүйрек артериясының кеңеюі салдарынан жарылу орын алған. Бүйрек артериясының екі сантиметрлік жарылуы кенеттен болған. Мұндай жағдайда дәрігерлер дәрменсіз», - дейді Айжан Иса.