Жоғалған қаскелеңдік жігіт бір апта өткеннен кейін өзге ауылдан өлі күйінде табылды

0
585

Қаскелеңдегі қайғылы оқиға жайлы әлеуметтік желілерден белгілі болды.


Жоғалған қаскелеңдік жігіт бір апта өткеннен кейін өзге ауылдан өлі күйінде табылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының полициясы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тексеруде, деп жазады zakon.kz.

Қаскелеңдегі қайғылы оқиға жайлы әлеуметтік желілерден белгілі болды: ер адам өлі күйінде табылған. Оның жақындары жігіттің қасақана өлтірілгенін айтып, тергеу барысына наразылығын білдірді.

"Біз әділдікті талап етеміз! Кінәлілер лайықты жазаға тартылуы керек", — деді қайғыдан қан жұтып отырған туыстарының бірі.

Олардың пікірінше, полиция істің анық-қанығын білу үшін тиісті шаралар қабылдап отырған жоқ.

Алматы облысының прокуратурасы кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын (ҚК 99-бабы), тергеуді Қарасай ауданының прокуратурасы қадағалайтынын хабарлады.

"Күдікті адам ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз қайтыс болған адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", – делінген қадағалау органының ақпаратында.

Өңірдің ПД мәліметінше, 16 қазанда Қарасай ауданы Шалқар ауылының шетінде 10 қазанда хабар-ошарсыз кеткен 26 жастағы ер адамның денесі зорлық-зомбылық өлім белгілерімен табылды.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 22 жастағы күдіктіні көп ұзамай ұстап, қамауға алды",- деді полиция.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.