Олардың өліміне не себеп болғаны нақтыланған жоқ.
ERNUR.KZ. Хабар-ошарсыз жоғалып кетіп, іздеу жарияланған бес қазақстандық өлі табылды. Олардың өліміне не себеп болғаны нақтыланған жоқ, деп жазады sputnik.kz.
1977 жылы туған Олег Тяпухин 2023 жылдың 5 мамырында Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен. Ер адам көк түсті Volkswagen Golf автокөлігімен Бітік бөгенінен шығып кетіп, жоғалған. 18 маусымда жоғалып кеткен ер адамның өлі табылғаны белгілі болды.
2001 жылғы Нұрсұлтан Қалқабай Семейде жоғалып кеткен. 5 маусым күні ол "Заря" жағажайына шомылуға кеткен. Содан бері ер адамның қайда екені белгісіз болған. 17 маусым күні Нұрсқлтанның денесі табылды.
1965 жылы туған Ринат Ғабидуллин де Семейде жоғалып кетті. Ер адам 4 маусым күні қонаққа кетіп, содан бері оралмаған.
1964 жылғы Михаил Богатырев Ақмола облысының Аршалы ауданында жоғалып кеткен. 11 маусым күні таңертең ол Жібек жолы кентіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. 17 маусым күні жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Өскемен қаласында 1998 жылы туған Алексей Григорьевке іздеу жарияланды. 10 маусым күні ер адам Секисовка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып келмеген. оралмаған.