Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері өзгеруі мүмкін

0
276

Құжат 4 қазанға дейін қоғам талқысына салынады.


Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты, деп жазады zakon.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыны Ашық порталына жариялады.

Онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 6 айдан аспағандарға жұбайының рұқсатынсыз 10 млн теңгеге дейін несие ала алатыны жазылған.

Ал бизнеспен айналысып жүргеніне жарты жылдан асқан, төлемі қабілеті жоғары азаматтарға қарыз 99 млн теңгеге дейін беріледі.

Құжат 4 қазанға дейін қоғам талқысына салынады.