Жүйке ауруымен есепте тұрған адам Атыраудағы қоғамдық көлікке шабуыл жасады (видео)

0
283

Полиция оның жеке басын анықтап, оқиға бойынша түсініктеме берген.


Жүйке ауруымен есепте тұрған адам Атыраудағы қоғамдық көлікке шабуыл жасады (видео)

видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Атырау қаласында 44 жастағы ер кісі қоғамдық көліктегі адамдармен төбелесіп, көліктің терезе жуатынын сындырып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған соң, жергілікті полиция түсініктеме таратқан. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, ашу қысқан ер адам алдымен автобус ішіндегі бір адамды аяғынан сүйреп, ұрған. Одан кейін бұрылып, автобустың терезе жуатын құралын сындырып кеткен. Полицияның мәліметіне сүйенсек, ер адам жүйе ауруы бойынша есепте тұр.

«Аталған бейнежазбадағы дерек 19 қазан күні орын алған. Полиция қызметкерлері адамның жеке басын анықтады. 44 жастағы ер адам ІІ топтағы мүгедек екені анықталып, оның күтушісіне ескерту жасалды. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, жауапты жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Аталған тұлға жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.