Жұмыс істеп жүрген студенттер де 42 500 теңгені алады

0
961

42 500 теңге төлем студенттердің стипендиясына әсер етпейді.


Жұмыс істеп жүрген студенттер де 42 500 теңгені алады

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені сабақтан бос уақытта жұмыс істеп жүрген студенттер де алатынын айтты, деп жазады aikyn.kz.

Оның айтуынша, студенттер кафе, ресторан, тағы басқа да қосымша жұмыс істеп жүргенін, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып қалғанын дәлелдесе жеткілікті. 42 500 теңге төлем студенттердің стипендиясына әсер етпейді. Екеуін де ала береді.

Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі – 3 жұмыс күні. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.