Жүргізушінің күйген денесі табылды: Алматыда жанып жатқан көлік полиция машинасына соқтығысты

0
822

Соқтығысу салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жатқызылды.


Жүргізушінің күйген денесі табылды: Алматыда жанып жатқан көлік полиция машинасына соқтығысты

ERNUR.KZ. Алматыда жанып жатқан көлік полиция көлігіне соғылды, деп жазады Stan.kz.

"27 тамызда Nissan Premier автокөлігі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылы бойындағы күзет орнында тұрған патруль машинасын қағып кетті. Сонымен қатар, көлік инерциямен шығысқа қарай келе жатқан Мерседеспен соқтығысқан", - деді Алматы қаласының полиция басқармасының баспасөз хатшысы.

Соқтығысу салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, жедел түрде 7-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

"Жанып тұрған Nissan полиция көлігін қағып барып тоқтады. Көлік тоқтамаған жағдайда жол апаты зардаптары әлдеқайда ауыр болатын еді", - дейді баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан көлікті сөндірген. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Көлікті тексеру кезінде жүргізушінің күйген денесі табылды, оның жеке тұлғасы анықталуда. Сонымен бірге басталған тергеу барысында көліктің өртену себебі және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады", - деп хабарлады полиция департаменті.