Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады - ІІМ

0
548

Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар.


Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады - ІІМ

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінде өткен брифингі барысында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек кәмелетке толмағандар арасында тіркелген есірткі қылмыстары туралы деректер келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Егер 2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар», - деп тоқталды ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен бірге ол елдегі криминогендік жағдайды баян етті. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде Қазақстанда 2 526 қылмыс жасалып, оның 1 556-сы тәулік ішінде ашылған.