Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 54,4 млрд теңге жәрдемақы алды

0
603

​Қазақстанда 2022 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшерін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.


Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 54,4 млрд теңге жәрдемақы алды

ERNUR.KZ. 2022 жылдың басынан бастап 490 мың көпбалалы отбасыға 54,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Ақпан айында 492,5 мың отбасы 27,3 миллиард теңге жәрдемақы алды, деп жазады sputnik.kz.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 49 100 теңгені (4 бала), 61 383 теңгені (5 бала), 73 666 (6 бала) теңгені, 85 948 теңгені (7 бала), 8 балаға – 98 016 теңгені, 9 балаға – 110 268 теңгені, 10 балаға – 122 520 теңгені, 11 балаға – 134 772 теңгені, 12 балаға – 147 024 теңгені, 13 балаға – 159 276 теңгені, 14 балаға – 171 528 теңгені, 15 балаға – 183 780 теңгені, 16 балаға – 196 032 теңгені немесе әр балаға 12 252 теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірісін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.