Жыл соңына дейін елімізде 8 мың көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайды

0
817

Биыл жалпы саны 120 мың пәтер берілмек.


Жыл соңына дейін елімізде 8 мың көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында белгілі болды. Содай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пайдалануға беріліп жатқан үйлердің саны артуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, былтыр 12 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 13 миллионнан асады деп көзделген. Осылайша бас қайғысы баспана болып жүргендерге 120 мың пәтер беріледі.

Баспасөз мәслихатында екі өңірде үй құрылысының қарқыны бәсеңдегені де айтылды. Атап айтсақ, бұл Нұр-Сұлтан қаласы және Маңғыстау облысы.