Жынысын ауыстырған қазақ жігіттері тікелей эфирде жыныстық қатынас туралы сөз етті (видео)

0
12 373

ERNUR.KZ. Инстаграм желісінде қазақстандық трансгендерлердің өз қолданушыларымен жүргізген тікелей эфирінің үзіндісі пайда болды.


Жынысын ауыстырған қазақ жігіттері тікелей эфирде жыныстық қатынас туралы сөз етті (видео)

ERNUR.KZ. Инстаграм желісінде қазақстандық трансгендерлердің өз қолданушыларымен жүргізген тікелей эфирінің үзіндісі пайда болды. Бір өкініштісі, сұлу «жігіттер» өзара қолданушыларымен әңгіме-дүкен құрып, тіпті жыныстық қатынас туралы да сөз етеді. Олардың бірінің есімі «Әмір» екен. Эфирде отырғандардың бірі қазақ тілінде «Амир, саған қонаққа келді ме?» деп келесі біріне сұрақ қойса, үшіншісі эфир барысында жақпай қалған қолданушыны биік өкше аяқ киімімен таптап өтемін деп қоқан-лоққы көрсетеді. Айтпақшы, трансгендердің бірінің айтуынша, жақпай қалған қолданушы «Касандра» лақап атымен танымал жеңіл жүрісті қыз екен.

Тікелей эфир видеосының үзіндісін zhest_kz атауымен тіркелген желі қолданушысы өз парақшасында бөлісті. «Трансы?» деп жария етілген видео жұртшылықтың қызу талқысына түсіп, көпшілігі олардың әрекеттерін ессіздікке балады. «Әдемі екен... Егер біздің қыздар осылар секілді өздеріне қараса, мұндайлар аз болар ма еді?.. Қалжың, әрине», «Мұндай адамдарға жаным ашиды. Бірақ, осындай түрлерін көпшілік алдында көрсетіп отырғанда түк те жаным ашымайды. Неге намыстарын аяқ асты етеді? Үндемей отырмай ма?», «Мұндайларды атып тастау керек деген заң қашан шығар екен?», «Алла тағала оларды еркек етіп жаратты ма, еркек болып қалу керек», «Мұндайларды адам тұрмайтын аралға апарып тастау керек, бәлкім Антрактидаға ма?..» деп өзара жарыса жазған желі қолданушыларының арасында трансгендер-жігіттерді қолдап шыққандары да табылды.

«Қаншама адам болса,сонша пікір болады. Өздеріңіздің қалауларыңызбен өмір сүріңіздер. Өзгенің пікірін көңілге алмаңыздар. Сіздер өте әдемісіздер» деп жазды сұлу «жігіттерді» жақтап шыққандардың бірі.
Видео: желіден алынды
Ескерту: видеода бейәдеп сөздер қолданылады