​1 стақан СҮТ + 10 дана БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР = ҚЫЖЫЛДАН 5 МИНУТТА құтқарады

0
7 146

Ем 1-ақ рет жасалады


​1 стақан СҮТ + 10 дана БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР = ҚЫЖЫЛДАН 5 МИНУТТА құтқарады

фото: bigstockphoto.com

Қыжыл – ішкі ағзалардың жұмысының бұзылғандығынан дерек береді. Мұны арнайы дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Егер дәрі ішуді ұнатпасаңыз немесе басқа ағзаға зияны тиеді деп секем алсаңыз, онда халықтық емдеу тәсілдерін байқап көріңіз.


Қыжылдан құтылғыңыз келсе:

  • тамақты бір қалыпты температурада (қатты ыстық не салқын болмасын) ішуді әдетке айналдырыңыз;
  • мейлінше буға немесе пешке піскен тағамдарды тұтыныңыз;
  • тұз бен қантты шектеңіз;
  • тәулігіне аз-аздан 6 рет тамақтаныңыз;
  • майлы тағамдардан бас тартыңыз.


Сонымен қатар, тамақтану мәзіріңіздегі қырыққабат, нан, пісірме, майлы ет, қақталған, тұздалған, маринадталған, консервіленген тағамдарды, майонез, кетчуп, саңырауқұлақ, саумалдық, пияз, қияр және қымыздықты сызып тастаңыз. Бұл азықтардың орнына шөптерді, кейбір көкөністерді қолдануға кеңес береміз.


ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫ

фото: zavarka.life

2 ас қасық ұнтақталған немесе пакеттегі дайын түймедақты (ромашка) 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Дайын болған емдік сусынды 3 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.


АЛОЭ ТҰНБАСЫ

фото: misspalettable.com

Алоэ өсімдігінің түрлі дертке ем болатынын білетін боларсыздар. Сондай-ақ ем үшін алатын гүлді 3 күн бойы суғармау керектігінен де хабарыңыз бар. Мың түрлі дертке дауа болып жүрген осы гүлдің жапырағын езіп, сөлін аласыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға араластырып, ішіңіз.


ҚАЙНАТЫЛҒАН АСҚАБАҚ

фото: fermilon.ru

Асқабақ – ағзаның қышқылдығын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар қыжыл, жүрек айну, іш қату, ауызға ащы дәмнің келуін тоқтатады.

Ал қыжылды емдеу үшін қайнатылған асқабақты немесе асқабақ шырынын ішуге кеңес береміз. Күнде таңертең 1 стақан асқабақ шырынын ішсеңіз, 3 күнде оң нәтижесін көресіз.


БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР

фото: zabotaokozhe.ru

Белсендірілген көмір (активированный уголь) – ағзаны шлактан тазартып, улы заттардан құтқарады. Сонымен қатар, қыжылды, кекірікті, жүректің айнығанын емдейді. Ол үшін 1 стақан жылы сүтке 10 дана үгілген таблетканы араластырып, ішесіз. 5 минутта-ақ күтпеген нәтижеге куә боласыз.


АС СОДАСЫ

фото: respiratornie-bolezni.com

Жарты шай қасық ас содасын 1 стақан қайнатылған жылы сумен араластырасыз. Аз-аз жұтымнан ішуіңіз керек. Сосын басыңызды биік қойып, аяғыңызды созып төсекке жатыңыз. 10 минуттан соң оң әсерін байқайсыз, мазасыздықтан құтыласыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Аударған: Л.АХМЕТОВА,


Тағы оқыңыз: