​Ас үйдегі МЫНА заттар БУЫН ауруын емдейді

0
24 446

БУЫН АУРУЫНЫҢ алдын алу үшін бізге ҮШ ӘДІС керек


​Ас үйдегі МЫНА заттар БУЫН ауруын емдейді

фото: www.vitamindcouncil.org

Буын аурулары бір күнде басталатын ауру емес. Ол ұзақ жылдарға ұласқан созылмалы аурулардың, инфекциялық аурулардың, жарақат алғанның әсерінен туындайды.


Буын ауруының алғашқы белгілері:

  • тізе, саусақ буындары ауыра бастайды;
  • ісінеді;
  • қызарады;
  • қозғалыс қиындайды.

Осы уақытта арнайы дәрігердің тексеруінен өтіп, қажетті ем жасалмаса, буын өз қызметін тоқтата бастайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегі әлсізденеді әрі сынғыш келеді. Ал қан тамырлары өзінің иілімділігін жоғалтады. Салдарынан буын зардап шегеді. Ауруды, әсіресе буын ауруын емдеу өте қиын әрі ұзаққа созылады. Сондықтан да ауруды емдеу үшін емес, аурудың алдын алу үшін қамданайық.


Аурудың алдын алу үшін 3-ақ нәрсе қажет:

  1. Дұрыс тамақтану;
  2. Ағзаны қажетті минералдармен, дәрумендермен қамту;
  3. Аурудың белгілері біліне басталысымен-ақ емді бастау.


Енді бастау алған буын ауруын емдеу үшін дәріханаға жүгірудің қажеті жоқ. Ас үйіңіздегі мына заттардың көмегімен аурудың алдын алсаңыз болады.


ЛАВР ЖАПЫРАҒЫ

фото: bestshop96.ru

20-30 дана лавр жапырағын 2 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 5 минуттай қайнаған соң, қайнатпаны термосқа құясыз. Шамамен 3-4 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, аз-аз жұтымнан ішке қабылдайсыз. Тұнбаны 12 сағаттың ішінде ішуіңіз керек. Емделу уақыты – 3 күн. 1 апта үзіліс жасап, қайта жалғастырасыз.

Лавр жапырағынан дайындалған тұнба ағзаны шлактан, тұздан тазалайды.

Тұз – буын ауруының пайда болуына септігін тигізетін бірден-бір «жау» екенін ұмытпаңыз.


ТАУЫҚ ШЕМІРШЕГІ

фото: my-fly.ru

Тауық шеміршегі – коллагеннің қайнар көзі. Оның құрамында буын ауруларымен күресетін ақуыз бар. Ем үшін түрлі мәзірін байқап көрсеңіз болады:

  1. Күнде таңертең ашқарынға 1 шай қасық ұнтақталған шеміршекті жеңіз. Артынан 1 стақан апельсин шырынын ішесіз.
  2. Шеміршекті суға салып, отқа қойыңыз. Баяу отта бірнеше сағат қайнау керек. Дайын болған сорпаға тұз, бұрыш, лавр жапырағын қосып, күніне бірнеше рет ішіңіз.
  3. Ашқарынға тауықтың табанын жесеңіз де болады. Соңынан лимон қосылған су ішу керектігін ұмытпаңыз.
  4. Шеміршектен тоңазыма (холодец) әзірлеп жесеңіз де керемет ем болады. Егер 1 апта үзбей тоңазыма жесеңіз, ағзаңызды қажетті дәрумендер мен минералдарға толықтыра аласыз.


ЖҰМЫРТҚАНЫҢ ҚАБЫҒЫ

фото: ok.ru

Жұмыртқаның қабығы ежелден кальций элементіне бай екенін дәлелденген. Мұның құрамында фтор, марганец, мыс, күкірт, темір және тағы басқа пайдалы микроэлементтер бар.

Ем үшін жұмыртқаның қабығын сабынды жылы сумен тазалап жуасыз. Сосын мұқият ұнтақтап алыңыз. Дайын болған ұнтақты таңертең кез келген асқа қосып жеуге болады.


КҮРІШ

фото: joint.propto.ru

Қайнатылған күріш ағзадағы артық тұзды шығарады. Ол үшін 1 стақан суға 2-3 ас қасық жуылған күрішты салып, бетін жауып қойыңыз. Бір тәуліктен соң жанына күріш салынған тура сондай 2-ші стақанды қоясыз. Ал бірінші стақанның суын ауыстырыңыз. Үшінші күні де осы әдісті қайталайсыз. Бұл жолы 1-ші мен 2-ші стақандағы суды ауыстыру керек. Тап осылай күріш салынған 5 стақан дайындайсыз. Күріштің суын күн сайын ауыстыруды ұмытпаңыз. Бесінші күні 1-ші стақандағы күрішті суымен ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Баяу отта пісіру керек. Піскен күрішті тұзсыз, нансыз таңертең ашқарынға жейсіз.

Күріштен соң 3-4 сағатқа дейін ас-су ішпеуге кеңес береміз. Емделу мерзімі – 40 күн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мұрын БІТЕЛГЕНДЕ мына ТАМШЫНЫ қолданыңыз


1 стақан СҮТ + 10 дана БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР = ҚЫЖЫЛДАН 5 МИНУТТА құтқарады