​БАЛ ауыздың УЫЛҒАНЫН емдейді

0
11 383

Ауыздың уылуы мына 3 дерттен дерек береді: 1. Иммунитеттің төмендеуі; 2. Жүрек ауруы; 3. Аллергия.


​БАЛ ауыздың УЫЛҒАНЫН емдейді

фото: reinventingaging.org

Ауыздың уылуы кішкентайларда ғана емес, үлкендерде де кездеседі. Тамақ жей алмай, жаныңызға батып ауыртады. Мұндайды көпшілік адамдар ашудаспен ысқылап емдеуге әдеттенген. Бірақ медицина мамандары уылудың қандай түрі екенін анықтап алмай, ашудасты қолдануға болмайтынын айтады.


Егер дәрігерге баруға уақыт тапшы болса, онда үйде мына емді қолданып көруге кеңес береміз.


Тұз + сода



фото: pinterest.ph

1 стақан қайнаған жылымшы суға 1 шай қасық тұз бен аздаған сода араластырыңыз. Егер 1-2 күнде емделсін десеңіз, 2-3 тамшы йод қосуға болады. Дайын болған осы сумен ауыз қуысын жақсылап шаясыз. Бұл сұйықтық ауыз қуысындағы бактерияны өлтіреді, уылғанды емдейді әрі енді ғана басталып келе жатқан тіс ауруларының алдын алады.


Сарымсақ

1 бас сарымсақты қабығынан тазартып, үккіштен өткізіңіз. Оны қаймақпен араластырып күніне 3 рет жеу керек. Тіпті, күнделікті тағамға, салатқа сарымсақ қосып отыруға кеңес береміз. Дәмі де, иісі де өткір бұл көкөністің денсаулыққа тигізетін пайдасы орасан зор.


Сәбіз + қырыққабат шырыны


фото:pharm-nn.ru

Жаңадан сығылған сәбіз бен қырыққабат шырынын бірдей көлемде аласыз. Оған сондай көлемде қайнаған су араластырып, ауыз қуысын шаясыз. Бұл шырынның да ауыздың уылғанын жазып, ауруды емдейтін қасиеті бар.


Картоп

1 дана орташа көлемдегі картопты теңдей етіп 5-6 бөлікке бөліп, еттартқыштан өткізесіз. Езілген картопты уылған жерге жағып қойсаңыз, 2-3 күнде жараның орны жазылады.


Каланхоэ + алоэ


фото: medmafia.ru

Бұл өсімдіктерді бірдей көлемде алып, үккіштен өткізіңіз. Сығып сөлін алу керек. Дайын болған сұйықтықпен ауыз қуысын шаясыз. Емді бір-ақ рет жасасаңыз жеткілікті.


Өсімдіктер жиынтығы

Түймедақ (ромашка), сәлбен (шалфей) және емен қабығын бірдей көлемде алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Үгіндіні 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң дайын болған жылы тұнбамен ауыз қуысын шайыңыз.

Бұл өсімдік тұнбасы ауыздың уылғанын емдейді, бактерияларды жояды, қызыл иектің қанауын тоқтатады әрі ауыздан шығатын жағымсыз иісті кетіреді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді


АЛАҚАНЫҢЫЗ терлесе АШУДАС көмектеседі