​ЕКІ ас қасық ҰН ішекті ШЛАКТАН тазалайды

0
15 748

Нәтижесі 1 аптада көрініс береді


​ЕКІ ас қасық ҰН ішекті ШЛАКТАН тазалайды

фото: be-health.org

Медицина мамандары «кез келген аурудың алдын алығыңыз келсе немесе аурудан айыққыңыз келсе алдымен ішегіңізді артық заттардан тазартыңыз» деп кеңес береді. Ішекті артық судан, нәжістен, құрттан тазарту керек.

Зерттеушілердің мәліметінше, 70 жыл өмір сүрген кісінің ішегі 100 тонна тамақ пен 40 мың литр сұйықтықты өткізеді. Нәтижесінде ішек бүкіл ағзаның саулығына нұқсан келтіретін улы заттарды жинайды. Ағзаны, қанды улаумен қатар, бірнеше дерттің дендеуіне себепші болады. Сонымен ішек шлакқа толғанда:


  • іш қату болады. Аптасына 1 рет, кейде 2 аптада бір рет үлкен дәретке баратын жағдайға әкеледі;
  • зат алмасуды бұзады;
  • қант диабетіне шалдығады;
  • аллергия пайда болады;
  • салмақта өзгеріс орын алады. Бірде шамадан тыс толысса, енді бірде салмақ жоғалтады;
  • бауыр мен бүйрек сыр береді;
  • құлақ пен көз ауыра бастайды;
  • бастың терісі мен тырнақтың саулығы нашарлайды;
  • буын аурулары пайда болады.


Егер ішекті дер кезінде тазалауды бастамасаңыз, соңы қатерлі ісік ауруына алып келуі мүмкін.

фото: netparazitam.site

КЛИЗМА КӨМЕКТЕСЕ МЕ?

Үлкен дәретке уақытылы бармайтындар клизма жасатуға әдеттенген. Әсіресе, жас балаларға осы әдісті жиі қолданатындар бар. Десе де клизма тоқ ішекті 40-50 см-ге дейін ғана тазалауға қабілетті екенін ескеріңіз.

Ал оны үй жағдайында жасау мүмкін емес. Арнайы аппараты да арзан тұрмайды. Сондықтан да арнайы орталыққа барып ішекті тазалатуға тура келеді. Клизма ішекті 100 пайыз тазалай алмағанымен қоса, ішек микрофлорасының жұмысына кері әсер етеді.


ІШЕКТІ ЗЫҒЫРМЕН ТАЗАЛАУҒА БОЛАДЫ

Бұл арзан әрі сенімді әдіс. Ол үшін 1-3 десерт қасық зығыр дәнінен дайындалған ұнды жейсіз. Ем ретінде үзбей үш апта қабылдайсыз. Сонда аш ішек те, тоқ ішек те толықтай тазаланады. 3 аптадан кейін өзіңіздегі оң өзгеріске таң қаласыз.


БІЛІҢІЗ!

Бұл әдіс салмағыңызды реттеп, артық майдан арылуға ықпал етеді.

фото: chinogid.ru

ЗЫҒЫР ҰНЫ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТКЕ ИЕ?

- Ағзаны улы заттан тазалайды;

- Шлакты шығарады;

- Қандағы холестерин деңгейін реттейді;

- Тыныс жолдарындағы ауруды емдейді;

- Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартады;

- Гастритты емдейді;

- Тоқ ішектің қабынуына ем болады;

- Асқазан мен оны екі елі ішектегі жараны жазады;

- Несеп жолдарындағы (бүйрек тостағаншалары қабынуы (пиелит), қуықтың қабынып ауыруы (цистит) аурудан айықтырады.


ЕМ ҮШІН!

Күніне 2-3 шай қасық зығыр ұнын ішке қабылдайсыз. Оны сұйық тамаққа қосып жеуге де болады.


ҮШ аптада ІШЕК тап-таза болады

фото: kvartiraidachaa.ru

1 апта

1 десерт қасық ұн + 100 гр. қаймақ немесе кефир

2 апта

2 десерт қасық ұн + 100 гр. қаймақ немесе кефир

3 апта

3 десерт қасық ұн + 100 гр. қаймақ немесе кефир


Бұл қоспаны таңғы аспен қосып қабылдайсыз. Сонда аш ішек пен тоқ ішек артық заттан, удан, шлактан тазарады.

Егер зығыр ұнын табу мәселе болса, оған алаңдамаңыз. Дәріханадан зығыр дәнін сатып алып, кофеұнтақтағышпен ұсақтайсыз. Дайын болған ұнды ем ретінде қолданасыз.


ЕСКЕРІҢІЗ

Ем кезінде күніне 2 литр су ішуді қадағалаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: 1000 полезных советов


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАЛАМПЫРДЫҢ қандай ЕМДІК қасиеті бар?


ЙОД жетіспесе АҒЗАДА қандай ӨЗГЕРІС болады?