​ҚАЛАМПЫРДЫҢ қандай ЕМДІК қасиеті бар?

0
51 421

Қалампырды дәмдеуіш сататын кез келген дүкеннен таба аласыз.


​ҚАЛАМПЫРДЫҢ қандай ЕМДІК қасиеті бар?

фото: gonesh.ru

Қалампыр кез келген үйдің ас бөлмесінен табылатын дәмдеуіш. Оның жұпар иісі мен күйдіргіш дәмінен бөлек, емдік қасиеті де орасан. Бұл дәмдеуішті ежелден емдік мақсатта бірнеше дертке шипа ретінде қолданылып келеді.


Қалампыр А (бета-каротин), С (аскорбин қышқылы), Е (токоферол), К (филлохинон), РР және В (В1, В2, В3, В4, В6, В9) тобындағы дәрумендерге бай. Сонымен қатар калий, кальций, марганец, мыс, күкірт, мырыш, натрий, магний, фосфор және темір элементінің қайнар көзі болып табылады. Одан бөлек, Омега-3 және Омега-6 майлы қышқылын да кездестіруге болады. Осындай пайдалы әрі бағалы заттарының арқасында қалампыр халық емінде кеңінен қолданыста болатын дәрі.


Халықтық емінде тұнба, қайнатпа ретінде қолданылады.


Тұнба үшін

1 десерт қасық қалампырды 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағат өткен соң тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде қолдануға болады.


Қайнатпа үшін:

1 шай қасық қалампырды 1 литр суға салып, отқа қоясыз. Қайнауға жеткенде отын бәсеңдетіп, 5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, шыны ыдысқа құю керек.


Қандай дертке дауа болады?

фото: 24newsarm.ru

  • Ауыз қуысы ауруларын емдеуге қабілетті. Нақтырақ айтқанда, ауыз уылғанда, кариес түскенде, ауыздан жағымсыз иіс шыға бастағанда қалампырдың көмегіне жүгініңіз. Ем үшін 1 тал қалампырды аузыңызға салып, 15 минуттай шайнайсыз. Емді 1-2 рет қайталаған соң-ақ оң нәтиже береді.
  • Тамаққа тәбетіңіз тартпаған кезде де 1-2 дана қалампырды шайнасаңыз, араныңыз ашылып, тәбетіңіз артады. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізіңіз.
  • Қан қысымыңыз түсіп кетсе аузыңызға дереу қалампырды салыңыз. 1-2 дана қалампырмен 10 минуттың ішінде қан қысымын қалпына келтіресіз.
  • Тамағыңыз ауырып бастағанда, ангина кезінде, бадамша без қабынғанда қалампыр тұнбасының көмегіне жүгініңіз. Күніне 2 рет тамағыңызды шайсаңыз, ауруыңыздан тез-ақ жазыласыз.

фото: freepik.com

  • Қалампыр майы денедегі жарақат пен іріңді бөртпенің ізін қалдырмай жаза алады. Ал майды дайындау үшін 100 мл зәйтүн майы мен 10 гр. дәмдеуішті араластырсыз. Оны орташа отқа қойып, қайнауға дейін жеткізіңіз. Дайын болған майды сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Емдік майды мейлінше тоңазытқышта сақтағаныңыз дұрыс.
  • Буын ауруларын да қалампыр майымен емдеуге болады. Алдымен майды қыздырып аласыз. Сосын ауырған орынға сіңдіріп жағыңыз. Сыртынан жылы орап, 5-10 минуттай тынығып жату керек.
  • Ал сыздауық шығып, жаныңызға батса, онда теріңізді қалампыр тұнбасымен сүртіңіз. Бұл дәріханадағы қымбат дәрілеріңізден әлде-қайда пайдалы әрі тез нәтиже береді.
  • Қант диабетімен ауыратындарға қалампыр тұнбасын ішуге кеңес береміз. Бұл да өз кезегінде дертіңізге дауа болып, саулығыңызды сақтай алады.
  • Қалампырдың құрттан да құтқаратын қасиеті бар. Ол үшін күн сайын шым-шым қалампырды ішке қабылдайсыз.

Ескеріңіз! Қалампырдың мөлшерін күн сайын көбейтіп отыру керек. Алғашқы күні шым-шым, екінші күні шай қасықтың ұшымен қабылдайсыз. Емді айға жалғастырасыз. 1 айға дейін 1 ас қасыққа жеткізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЙОД жетіспесе АҒЗАДА қандай ӨЗГЕРІС болады?


КАРКАДЕ шайы ҚАН ҚЫСЫМЫН бес МИНУТТА түсіреді


БҮЙРЕК ауруының сіз білмейтін 10 БЕЛГІСІ