​Қаназдықтан ҮШ күнде құтқаратын "СУПЕР" әдіс

0
33 263

ҚАНАЗДЫҚҚА шалдыққандар ТОҢҒЫШ келеді. ҰЙҚЫСЫ қанбай, үнемі ЖАБЫРҚАУЛЫ жүреді.


​Қаназдықтан ҮШ күнде құтқаратын

иллюстрациялық фото: stomator.ru

ҚАНАЗДЫҚ кез келген жастағы адамда болады. Қанның ішіндегі бояғыш қызыл зат пен түйіршіктері азайған кезде ағза қаназдықты сезінеді. Бұл кезде сізді бір емес, бірнеше жайсыздық мазалайды. Нақтырақ айтсақ:

  • әлсіздік;
  • терінің қуқылдануы;
  • бас айналу;
  • терінің құрғауы;
  • ентігу;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • құлақтың шыңылдауы;
  • көздің қарауытуы;
  • көп нәрсеге көңіл бөлмейсіз;
  • жүректің жұмысы нашарлайды;
  • аяқ-қол дірілдейді.

Міне, бұл белгілер сіздегі қаназдықтан дерек береді.


Қанды көбейту үшін дәрі алып, шығындалудың қажеті жоқ. Қанды да көбейтетін, ағзаны да қуаттандыратын үй жағдайында бірнеше әдіспен емдеу түрлерін ұсынамыз.


Қанды көбейтетін 3 «Супер азық»

иллюстрациялық фото: manovaistine.lt

БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАСТАРақуызға бай. Бұл қанның қызыл түйіршіктерін көбейтуге септігін тигізеді. Тамақтану мәзіріңізге горох, маш, жасұнық сынды бұршақтарды қосуды ұмытпаңыз.


ЕТ – темір элементінің қайнар көзі. Күніне кем дегенде 150-200 гр. ет жеуді әдетке айналдырыңыз.


ҚАРАҚАТ жемісінің құрамында С дәрумені бар. Бұл дәрумен жетіспесе ағза темірді өзіне сіңдіре алмайды. Сондықтан да құрамында С дәрумені мен темір элементі бар тағамдарды көбірек жеуге кеңес береміз.


Қанды көбейтетін 4 көкөніс

иллюстрациялық фото: nart.ru

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ кез келген түрі жарамды. Тіпті шикідей жесеңіз де пайдасы орасан. Күнделікті тамаққа, салатқа қосып жесеңіз болады. Ем ретінде қызылшаны шырынсыққыштан өткізіп, 1/3 немесе 1/4 стақаннан күніне 3-4 рет қабылдайсыз. Емді әр 3-4 сағат сайын жүргізіп отырсаңыз, 3-4 күнде керемет нәтижеге жетесіз.


ҚИЯРДЫ қабығымен жеуге әдеттеніңіз. Сондай-ақ күніне 1 рет 1 стақан қияр шырынын ішіңіз.


АСҚАБАҚ – қаназдыққа өте пайдалы көкөніс. Күніне 150-200 гр. асқабақ жесеңіз ағзаңызды шлактан тазартады, қанды көбейтеді әрі иммундық жүйеңізді нығайтады. Теріңіз жасарып, өзіңізді сергек сезінесіз.


АСКӨКТІҢ де ауруға қарсы күресетін қабілеті бар. Ол үшін 0,5 бума аскөкті ұсақтап турап, 1 стақан сүтке саласыз. Оны отқа қойып, қайнауға дейін жеткізіңіз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, тағы да 10 минуттай қайнатасыз. Дайын болған емдік сүтті сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз.


Қанды көбейтетін 3 сусын

иллюстрациялық фото: 1zoom.ru

  1. Термостағы 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық ИТМҰРЫНДЫ (шиповник) салып, қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 8 сағаттай тұндыру керек. Белгіленген уақыттан соң сусынды сүзіп алып, шай ретінде күніне 3 рет ішесіз.
  2. Бірдей көлемде ҚОЙБҮЛДІРГЕН (земляника), қара ҚАРАҚАТ (смородина) пен қызыл ШЕТЕН (рябина) жидегін алып, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын болған шырынды жарты стақаннан күніне 2 рет қабылдайсыз.
  3. Бұл коктейль қаназдықпен күреседі, теміртапшылығын реттейді әрі ұзақ уақытқа ағзаны қуаттандырады. Коктейльді дайындау үшін бізге 1-1 данадан АНАР, ЛИМОН, АЛМА және СӘБІЗ керек. Әрқайсысын жеке-жеке шырынсыққыштан өткізіп аласыз. Дайын болған шырынды шыны ыдысқа құйыңыз. Оған 70 гр. бал араластырып, қақпағын мықтап жабыңыз. Ыдысты тоңазытқышқа салуды ұмытпаңыз. Белгіленген күннен соң емдік шырынды 2 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдаңыз.


Бұл әдістерді жасау оп-оңай. Бастысы, жалқаулықты жеңіп, ағзаңызды жасартыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: