Мандарин қабығында да ем бар

0
4 878

Суық тиіп ауырғанда, тұмауратқанда мандарин шырынын ішу керек. Болмаса мандариннен дайындалған нәрсуды ішуге болады. Сонда иммунитет күшейіп, ауруға қарсы күресе аласыз.


Мандарин қабығында да ем бар

фото: Rus-health.info

Мандарин – цитрусты жемістердің ішіндегі көпшілікке белгілі әрі кең тараған жемістердің бірі. Кез келген мерекеде дастарханнан үзілмейтін бұл жемістің пайдалы тұстары өте көп. Мандарин әсіресе аскорбин қышқылына бай. С дәруменін алу үшін оның 1-2 данасын жеген жеткілікті. Сонымен қатар мандаринде кальций, калий, магний сынды минералдар мен Д, В, А, Р, К дәрумендері де аз емес. Жемісінің құрамында лимон қышқылы болғандықтан да оған нитраттар мен басқа да зиянды заттар жиналмайды. Бұл пайдалы жеміс тәбетті арттырып, ас қорытуды жақсартады.

* Суық тиіп ауырғанда, тұмауратқанда мандарин шырынын ішу керек. Болмаса мандариннен дайындалған нәрсуды ішуге болады. Сонда иммунитет күшейіп, ауруға қарсы күресе аласыз.

* Бүйректегі тасты түсіру үшін де мандарин шырынын ішіңіз.

Мандариннің тек жемісі ғана емес, қабығы да өте пайдалы. Оны тастай салуға асықпаңыз. Өйткені ондағы пайдалы заттарды ем ретінде іске асыруға болады.

* Мандарин қабығы буын ауруларына ем.

* Сондай-ақ, иммунитетті көтеретін қасиетке ие. Оның көмегімен иммунитетті нығайту үшін төменде көрсетілген мынадай дәріні жасап көріңіз.

Екі ас қасық мандарин қабығына 250 мл арақты құйып, бір апта тұндырып қоясыз. Осылайша дайындалған сұйықтықты 20 тамшыдан, күніне үш рет қабылдау керек. Дәріні тамақтан 20 минут бұрын ішкен пайдалы.

* Егер тамаққа тәбетіңіз тартпай, асқорыту жүйесінің жұмысы нашарлайтын болса да осы дәріні қабылдаңыз.

* Жөтел кезінде мандариннен ингаляция жасауға болады. Мандарин қабығын майдалап турап, бір уысын аласыз да, кішірек кастрөлге не табаққа саласыз. Оған азырақ қайнаған су құйып қайнатыңыз. Сөйтіп судың буымен біраз уақыт тыныстау керек. Осындай ингаляция арқылы жөтелден айығуға болатынын есте сақтаңыз.

* Тұмауратқанда мандарин қабығынан жасалған тұнбаны ішіп, ауруды жеңуге мүмкіндігіңіз бар. Мұндай дәріні дайындауға 3 ас қасық кептірілген мандарин қабығы мен екі стақан қайнаған су қажет. Қайнаған суды мандарин қабығына құйып, екі сағатқа қалдырасыз. Сөйтіп екі ас қасық бал қосып, жылыдай жарты стақаннан күніне үш рет қабылдау керек.

* Қандағы қант мөлшерін түсіру үшін де мандарин қабығы көмекке келеді. Мұндайда үш дана мандариннің қабығына 1 литр су құйып, 10 минут қайнатасыз. Қайнатпаны суытып, күн сайын жарты стақаннан, тамақтан 15 минут алдын қабылдаңыз. Сонда қандағы қант мөлшері де қалыпқа келеді.

* Іш кебу кезінде мандарин қабығын кептіріп, майдалайсыз да, тамаққа бір шай қасығын қосып ішесіз.

* Сонымен қатар, мұндай майдаланған мандарин қабығынан тыныс жолдары қабынғанда тұнба дайындап ішкен жөн. Ол үшін 1-2 қасық мандарин қабығына 1 стақан қайнаған су құйып, 1-2 сағат тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, ыстық күйінде жарты стақаннан ішуге болады. Емді тамақтанардан 20-30 минут алдын жүргізіңіз.

Ләззат ахметова,

ERNUR. KZ