"90% жалаңаш": Мақпал Исабекованың ашық образы желіні шулатты

0
2 751

"Әке-шешесі мен бауырлары тыйым салмай ма?"


Соңғы уақытта қазақстандық әншілер елді шулатып, дүрліктіруді сәнге айналдырғандай. Сол арқылы танымалдығын арттыруды ойлайтын сияқты. Желіні дүр сілкіндіруден жалықпайтын жанның бірі - Мақпал Исабекова. Әнші жеке парақшасына Индонезиядағы Бали аралында өткізген демалысы кезінде түскен суретін жүктеген.

Мақпал Исабекованың көптеген суреттері желіде бірден сынға ұшырауда. Бірақ, бұл жолы әншінің образы көпшілікке ұнап қалды. Оның дене бітіміне тәнті болған көптеген жандар жағымды пікірлер жазып қалдырған.

"Көз ала алмай тұрмын, керемет" , "Фигураңыз әдемі", "Өз-өзімен жұмыс жасағаны көрініп тұр", "Батыстан тек батыл қыздар шығады","Күшті, елдің сөзінен қорықпай салған", - деп жазды оқырмандар.

"Осылай сурет салады да, кейін жаман жазады деп зар илейді", "Бәрін шеше салмадың ба?", "Не болды ал? Қайда қарап отыр әкімшілік? Қазақ қызына тән емес деп ешкім неге ұрыспайды", "Ұят қой мынау!", - деп сынағандар да болды.