Абай Бегей: "...КӨП АҚША кететін сияқты"

0
3 360

Әнші Абай Бегей қанатының астына өнерлі балаларды алып продюсер атанды.


Абай Бегей:

"Жұлдыздарды аспаннан санап" жүрген әнші Абай Бегей енді жер бетіндегі жұлдыздардың санын көбейтуге кірісіпті. Ол қызы Сымбат Абайқызы мен Нұрмұхаммед есімді жас балаға продюсер болды. Бұл туралы әнші НТК бағдарламасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Басында қызының өнер саласына келуіне қарсылық танытқанымен, әнге деген құштарлығын байқаған соң өзіне ән жазып беріпті. Сәтті шыққан туындыны керемет орындап шыққан Сымбат Абайқызы әкесінің сенімін ақтаған екен.

"Басында қарсы болғанмын негізі. Қыз баласына ауыр ғой өнер жолы. Кейіннен, өзіне ән жаздырып, әп-әдемі айтып шыққаннан кейін, тағы да бір ән жаздыра бастадық", - деді әнші.

Тек қызын ғана емес, Қазақстан атынан әлемдік байқауларға қатысып жүрген Нұрмұхамед есімді жігітті де өз жетекшілігіне алыпты.

"Менің досымның баласы, Өте талантты бала, байқауларға қатысып жүрген Қазақстанның атынан. Екеуіне "Ұстазым" деген ән жаздырдық, жақсы орындап шықты", - деді Абай Бегей өзі продюсерлік ете бастаған жас әнші туралы.

Десек те, әнге келгенде тек өзіне ғана қаражат кететін Абай Бегей, енді қалтасынан көбірек ақша шығаруға тура келетінін де жасырмады.

"Бұрын-соңды ән жаздырғанда тек өзіме төлейтін едім, қазір осылардың ән жаздырғанына екі есе кетеді. Ал киім жағына келетін болсақ, жиен қарындасым Әсел қызымның киімдерін тігіп беріп жатыр. Әзірге көмек ретінде. Тек матасына ғана ақша төлейміз. Болашақта қызыма көп ақша кетейін деп тұр", - деп түйіндеді продюсер өз сөзін.

Айта кетейік, Абай Бегей өз жетекшілігіне алған Сымбат пен Нұрмұхаммедті тек концерттерге ғана шығаратынын, той-жиындарға апармайтынын айтты.

ERNUR.KZ