«Намазды да, орамалды да ойыншық қылып жіберді»
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Айгүл Елшібаева инстаграм парақшасында біраздан бері психолог, коучтарға қарсы сыни пікірлер айтып жүр. Әнші «Инстақарақшылар мен инстаразбойниктердің назарына!» деп тағы да пост арнады.
«Адамдарды арбау, алдау арқылы, дінің атын жамылған, тақуа болып киінген, діннен сауаты жоқ өтірікші- инстацыгандар, сенімге кіріп, соңғы орындар қалды, бүгін прямой эфир огонь от болды деп, сыбайлас жемқорларына комментария жаздыртып, оған шын екен деп сеніп, көштен қалып қойғандай жанталасқанын, аңқау ел қайдан білсін? Онлайн эфирде, соңғы орындар қалды деп (зал емес эфирде ненің соңғы орын болсын) ?!
Дүрмекті айласымен артына ерткен, инстақарақшыларға ескерту, бұлай жалғаса бермейді, ескертеміз, заң орындарына қалай шағымдансам болады деушілер көбеюде! Судың да сұрауы бар деген.
Маркетингтегі арбау, жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады дегендей жаман ойлама деп, бизнестен білім тәжірибесі аз, ақыл таразысы шамалы адамды, дәрісін ішпеген аурудай, ештеңені ойлатпай сенімге кіру арқылы, діни сауатты психологтың эфирінен естігенін ұрлап сатып, жағдайымды жақсартам деген үміткерді кредитке отырғызып, алаяқтарға жем болған зарларына не дейміз?
Діннің атын жамылған, сырт киімі хиджаптағы сексолог, әйелдер орталығындағы нәпсіқұмар сабақ сатқан қатындар! Діннің мақсаты нәпсіңді ти, иманға кел, түрлі жезөкшенің интимдік қатынасын үгіттеу емес. Ілім рухани, нәпсіни болып екіге бөлінеді. Дін- рухани ілімді үйретеді, дін мақсаты- нәпсінің жетегіндегі нәпсіқұмарларды көбейту емес, нәпсіге құл болмаған, нәпсімен күрескен, рухани кемел адамдардың арқасында, қазақтан шыққан әулиелер көп болған.
«Сауда сақал сипағанша» дегендей, сені байытам деген инстақарақшыға сеніп, кредиттен көз ашпай санын ұрған елдің зары дайректке толы, оқитын уақыт жоқ. Псевдопсихолог, псевдокоуч, псевдобизнестренер сияқты- Инстақарақшыларға алданбаңыңыздар!
Инстацыгандар дамығаны сондай, ақша үшін, сенімге кіріп, адамның иманын ұрлап, тақырға отырғызып тонаған- иман қарақшылары, инстаграмда- инстақарақшыға айналып кеткен екен. Сақ болайық!» - деді А.Елшібаева.
Ал оқырмандар арасында «Сол интим сабақ білмей-ақ қазағымда неше тұлғалар өмірге келмеді ме?», «Алла бар ғой,Айеке! Алла күндердің күнінде өзінің болмаса ,бала-шағасының, ұрпағының алдынан шығарады! Елдің көз жасы, қарғысы жібермейді!Алла ұлық!» деген сияқты пікірлер айтылуда.