Әйгілі "Сүгірдің термесін" өзгертіп, жарнама жасаған Төреғалидің басы дауға қалды

0
3 979

Қыдырәлі бүлдірді - үндеген жоқпыз. "Кешью" сірә, аяғын көтерді - оған да үндеген жоқпыз. Сүгірді осындай дәрежеге дейін түсіретіндей не болды?


Әйгілі

ERNUR.KZ. Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы өнер иесі өз кәсібінің жарнамасында атақты "Сүгір термесін" қолданғаны үшін сыналуда. Эстрада жұлдызына қарсы шыққан маңғыстаулықтар оны сотқа беруге ниетті, деп жазады kaz.nur.kz.

Аталмыш бағдарлама барысында Төреғалидің елге танымал терменің мәтінін өзгертіп, оны өз мақсатында пайдаланғанына қатысты пікірталас өрбіді.

Сүгір Бегендікұлының немересі бұл жағдайға өз наразылығын білдіріп, өнер иесі авторлық құқықты бұзғанын жеткізді.

"Жігіттер маған әлеуметтік желіде жібере бастады. Мен алдымен ойландым, жан-жағыммен ақылдастым. Қазіргі заманда сауатсыз адам жоқ қой. Қыдырәлі бүлдірді - үндеген жоқпыз. "Кешью" сірә, аяғын көтерді - оған да үндеген жоқпыз. Баяғыда айтыпты бір кісі "қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан" деп. Енді қашанғы жүреміз. Сүгірді осындай дәрежеге дейін түсіретіндей не болды? Бүгінде авторлық құқық қорғалды, құдайға шүкір. Заңгерлер де айтып отыр. Төреғалидің өзіне, әкімшісіне де шығып, сұралған бұл жайт. "Өзің кешерім сұрай ғой" дегенбіз. Басында оны сотқа беру жайында ойымыз болған жоқ. Содан ол хабарласқан да, кешірім сұраған да жоқ. Біз маңғыстаулық халық өте момын халықпыз ғой. Енді заң аясында жауап беретін шығар деп ойлаймын. Жауап беруге тиісті, міндетті. Заңға енді жүгініп бастаймыз. Бұл жерде тек мен ғана емес, барлық Маңғыстау өлкесінің азаматтары оны күтіп отыр. Енді өзі келмесе, орган алып келетін шығар" , - деді Жәнібек Сүгіров.