Шыдамның да шегі бар! Бұл - Қалаубаеваның жаңа әні. Мұны автор сары майдай сақтап жүрген екен.
Белгілі әнші Айкерім Қалаубаеваның «Шыдамның да шегі бар» атты жаңа әні бейнебаянмен бірге көрерменіне жол тарты. Бұл туындының авторлары - Мұқағали Кенжетайұлы мен Жолдасбек Абдиханов.
Шығарманың сазын жазған Жолдасбек өзінің инстаграм парақшасына әннің тағдыры туралы төмендегідей жазба қалдырды. «Шыдамның да шегі бар!». Мұқағали Кенжетайұлы бауырымның сөзіне жазылған бұл әнімді "өзім орындаймын" деп ән қоржынымда сары майдай сақтап жүр едім, Айкерім қыздарыңыз естіп қолқа салғаннан кейін әнді орындауға берген болатынмын. Айкерім бұл туындымды орындап қана қоймай, жоғары деңгейде актерлік шеберлігін пайдаланып бейнебаян түсіріп үлгеріпті. Қоржыныңыздағы су жаңа әніңіз бен бейнебаяныңыз құтты болсын Айкерім ханым!».
Мұны білген оқырмандар Жолдасбекке «Сіз орындағанда керемет болар еді», «Осы əнді асыға күтіп едім сіздің орындауыңыз бөлек қой. «Жұлдыз» фм-да орындағаныңыз өте керемет!», «Мен сіздің орындауыңызды күтіп жүр едім...», «Өзің де бір орындап шықшы өтініш» деген тілектерін жеткізді.
Айкерім Қалаубаеваның орындауындағы әнді төменнен тыңдауға болады.
Фото: aikerim_kalaubaeva_official