Қазақстандық режиссердің жұмысы "Жылдың ең үздік видеосы" атағын иеленуі мүмкін.
Америкалық рэп-орындаушылар 21 Savage пен J. Cole-дің бейнебаянын қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сеитов түсірген. Аталған туынды америкалық атақты MTV Video Music Awards марапатының үміткерлер тізімінен орын алды.
Бұл жайлы Айсұлтан Сеитов өзінің Instagram-дағы парақшасында жария еткен.
«A Lot» деп аталатын әннің бейнебаяны 20019 жылдың қаңтар айында Атлантада түсіріліп, ақпан айында көрермендерге жол тартқан. Әнді америкалық рэперлер 21 Savage пен J. Cole орындайды.
A Lot әнінен бөлек "Жылдың ең үздік видеосы" марапатына "Bad Guy" трегімен Билли Айлиш, "Thank u, next" туындысымен Ариана Гранде, "Sucker" әнімен Jonas Brothers, "Old Town Road" композициясымен Lil Nas X және Билли Рэя Сайруса және "You Need to Calm Down" әнімен Тейлор Свифт сынды әншілер таласады.
MTV Video Music Awards жүлдесіне лайықты деп танылғандар 26-шілде күні марапатталады. Ал, Айсұлтан Сеитовтың бейнебаянына MTV сайты арқылы дауыс беруге болады.