"Ақ тілектеріңді жазып отырыңдар": Тамара Асар күйеуге шықты

0
17 986

Айгүл Елшібаева: "Тфә-тфә, көз тимесін!"


Халыөтың сүйікті әншісі Тамара Асар отбасын құрды. Бұл туралы әншінің құрбысы, өнердегі әріптесі Айгүл Елшібаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Тамара Асардың дастарханында болған ол, "АҚ ТОМИДІҢ МАҒАН АҚ НИЕТПЕН ЖАЙҒАН ДАСТАРХАНЫНДА! АҚ ТАМАРА ҚҰДАЙ ҚОСҚАН ЖЕЗДЕММЕН ҚОСА АҒАРЫП, АҚ ҚАМБАРДЫҢ АРТЫНАН КӨП ҚАМБАРЛАР ЕРЕ БЕРСІН!

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашанда байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, құдай көтере білгенге береді-, деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын -Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!" деп жазды.


Мұны естіген оқырмандар қуанып, ақ тілектерін ақтарып жатыр. Олар "Керемет! Құдай қосқан қосағымен қоса ағарсын!", "Тамара ханым!Бақыттың базарында,Алламның назарында болыңыз!Бақытты ғұмыр берсін!Халықтың қызы Айгүл ханым!Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер", "Өзі жазды ғой әдемілеп,қуанғаным ай жалғыздық құдайға ғана жарасқан,сізде Айгөлек керемет жазыпсыз Бақытты болсын әбден лайық! Жүрекке жүрек, тілекке тілек қосылсын! Тамараны тыңдасам жақсы боп қаламын, сөз саптауы, ой-өрісі тамаша тфай-тфай Қамбаржанның тірегі болған жанның ғұмыры ұзақ болсын!" деген сияқты пікірлерін көптеп жазуда.