"Ақшаң бітіп қалды ма?": Әнші Заттыбек зәулім сарайдай үйін сатқалы жатыр

0
4 350

Тойдың "Ақ маржаны" Шымкенттегі шаңырағын әлеуметтік желі арқылы жарнамалады.


Танымал әнші Заттыбек Көпбосынов өзінің Инстаграмдағы парақшасында екі қабатты үйін сататынын жазған. Өнер иесі көрген жанның көзін алатын коттеджінің іші-сырты түсірілген суреттерді де жүктеген.


Ғаламтордағы мәлімттерге сүйенсек, бұл баспанаға әнші отбасымен 2015 жылы (толық бітпеген) көшіп барған. Бірақ үйдің құрылысы бірнеше жылдан соң аяқталыпты. Интерьері грек стилінде әрленген. Сонымен қатар, ауласын газонмен көмкеріліп, шырша ағашын отырғызылған. Дәл осы жерде Заттыбектің көптен күткен балалалары дүние есігін ашқан.


"Өмір болған соң өзгерістер де болуы заңдылық шығар. Адал еңбектің жемісі болған шаңырағыма құда түсушілер болса...", - деп жазды әнші.




Желі қолданушылары әншінің мұндай шешім қабылдағанына қайран қалып жатыр.


"Осы үйде екі балаңыз дүниеге келді. Бұл шаңырақ сіз үшін қымбат емес пе? Сатпаңыз, әлде той жоқ, ақшаң бітіп қалды ма?", "Маңдай термен соғылған үйді қалай сатасыз" деген пікірлер білдірген.


Жазбаны оқыған оқырмандардың арасында әншілер де бар. Жазира Байырбекова "Неге өйттің, Зәке" десе, Әбдіжаппар Әлқожа "Саудасы жеңіл болғай" деп сәттілік тілеген.