Актриса Айсұлу Әзімбаева тауға барып түгелдей шешініп тастады

0
7 845

"Еркіндіктің ерекше сезімі", - дейді актрисаның өзі.


Актриса Айсұлу Әзімбаева тауға барып түгелдей шешініп тастады

Белгілі актриса Айсұлу Әзімбаева түрлі образдарға енуден жалықпайты жан. Елді шошытып, трасвестит болған суреттері де желіні біраз шулатқан еді. Енді тауға барып демалған сәтінен суреттер жүктеген. Жай демалыс емес, жалаңаштанған демалыс...


32 жастағы Айсүлу Әзімбаева отандық кино үшін өзінің тәнін жалаңаштаудан жасқанбайтын актрисалардың бірі. Бұл өнер иесінің оқырмандарын таңқалдырған алғашқы суреттері емес. Бұрын да ашық образдарымен фотосессия жасаған. Осы жолы суретке түсу үшін тау табиғатын таңдаған.

Актриса өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына таудағы демалысынан суреттер жүктеді. Аталмыш суреттер өнер иесінің оқырмандарын біраз шулатты.


"Ешкім көрмей тұрған кезде", - деп жазды актриса.


Қазақстандық актрисаның су жаңа суреттерін ұнатып, "керемет" деп бағалағандар да табылды.


"Әдемі, тек тікенек кіріп кетпесін", "Адамның сұлулығы мен табиғат", "Табиғатпен үндесіп кетіпсің", - деп жазды олар.


"Қандай мағына береді?", - деген желі қолданушысының сұрағына актриса "Еркіндіктің ерекше сезімі" деп жауап қайтарған.