"Алла тіл-көзден сақтасын": Сахнаға сән көрсетуге шыққан Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына жұрт сүйсінді (видео)

0
4 204

Қуанышты жаңалықты бірінші болып Аяла Қыдырәліқызының анасы бөлісті.


ERNUR.KZ. Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қызы Аяла алғаш рет сахнаға шықты. Бүлдіршін дәл қазір 2,5 жаста, деп жазады Stan.kz.

Қуанышты жаңалықты бірінші болып Аяла Қыдырәліқызының анасы бөлісті.

«Бүгін алғаш рет құлыншағым екеуіміз подиумға шығып модель болдық. Бір де бір дайындықсыз қалай болар екен деп уайымдап едім. Қызым ұятқа қалдырған жоқ. Алла тіл-көзден сақтасын», - дейді Қарақат Әбілдина.

Сондай-ақ, әнші кәсіби түсірілген видеоның дайын емес екенін айтып, өзінің бейнежазбасын бөлісті. Бұдан біраз уақыт бұрын Аяла Қыдырәліқызының боянып дайындалып жатқан видеосы тараған еді.


Желі қолданушылары өз кезегінде бүлдіршінге тамсанғанын жарыса жазып, оған бақыт тіледі. Алдағы уақытта ата-анасы секілді сахнадан табылатынына сенімді екенін жеткізді.