Оны желі қолданушылары "Кимесең солай кемпір болып жүре бер" деп сынады.
Дауысымен талайды таң қалдырған Жорабаеваның киіну стилі көпшілікке ұнамайтын сыңайлы. Өйткені оның таңдауын құптамай, сын айтатындар көп. Сондай сындардан шаршаса керек, әнші желідегі парақшасы арқылы видео үндеу жолдады.
Видеода әнші өзіне киіну стилі ұнайтынын, кең киімдер мен барқыт маталардың қазір сәнде екенін айтқан. Сондай-ақ киім таңдауда өзіне кеңес беретін құрбысын мақтады.
Жоғарыдағы видеоны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге жарылған. Бір тобы мұндай киім үлгілері "Үлкен етіп көрсетеді", "Сізге киіміңізді айтпаймын, бірақ сөз көтере алмайды екенсіз", "Астанада стильно киінетін адам көрмедім" деген пікірде болса, екінші тарап ашық-шашық киінбейтін Жорабаеваға мақтау айтып, қолдау білдірген.
Фото: @AltynaiZhorabayeva
ERNUR.KZ