​«Арам ойлап, жүректі қарайтпаңыздар»: Сәкен Майғазиев өзін сынаған тыңдармандарына жауап берді

0
1 516

«Мейрамбектен 2 жасқа, Кенжебектен 7 жасқа үлкенмін»


​«Арам ойлап, жүректі қарайтпаңыздар»: Сәкен Майғазиев өзін сынаған тыңдармандарына жауап берді


«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Инстаграмдағы» парақшасына бейнежазба жариялап, оқырмандарына ренішін білдірді.


«Мына видео «Сәкен Мейрамбектің артында, ал Кенжебек Сәкеннің артында жүру керек» деген жандар үшін. Осыдан 4 күн бұрын жарияланған (үшеуміз жүріп келе жатқан) видеоның астындағы пікірлерді оқып, жағамды ұстадым. Ортасында тұрсам, екеуінен бойым «ұзын» болған соң тұрам. Абайламай екеуінің алдына шығып кетсем, Мейрамбектен 2 жас, Кенжебектен 7 жас үлкен болған соң жүрем. Сіздер өйтіп жаман ойлап, жүректеріңізді қарайтпаңыздар, өздеріңізге зиян ғой. Үшеймуіздің ойымызға кірмейтін арам ойлар кейбір адамдардың ойына қайдан келеді-ей. Түсініктеріңізден айналдым. Айтпақшы, (менен жерді қызғанып), мені жек көретін жандар, ұрпақтарыңыз маған ұқсамасын, әумин!» - деп жазды Сәкен Майғазиев.


Әнші өзінің соңғы видеосында «Кенжебек, біздің артымызда жүрсей, Ме йрамбек менің алдымда келе жатыр» деп күлген. Ал оның бұл жазбасына оқырмандар тағы да өз пікірлерін білдірді. «Иә, Мейрамбектің орны бөлек қой. Бөліп жармаймыз, дегенмен Мейрамбек аға алдында жүруі керек», «Мейрамбекті кекеткен түріңіз ба, олай болса сіздің атыңызға ұят, Мейрамбек бірінші жүруі тиіс», «Топтың сәні Мейрамбек қой, мойындау керек», «Үшеуіңіздің де орныңыз бөлек» деді «Музарттың» тыңдармандары.