Астарлап айтып отыр: Актриса Назгүл Қарабалинаға енесі бала туу туралы өсиет айтты

0
2 062

Азамат Сатыбалды анасы мен жарының әңігмелесіп отырған сәтінен әсерлі видео жариялады.


Астарлап айтып отыр: Актриса Назгүл Қарабалинаға енесі бала туу туралы өсиет айтты

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына анасы мен жары Назгүл Қарабалина арасындағы әсерлі әңгіменің видеосын жүктеді. Отандық жұлдыздың келіншегі енесіне еркелеп, өмірге 12 бала әкелген абзал ананың өсиетін тыңдады.

Актер видеоның астына "Анамның өсиеті. Ол кезде асқар тауым қасымда еді. Үлкендеріміз аман болсын", деп жазба қалдырған.

"Енем айтты: Айналайын, Алла берсе тастама, бермесе қақсама, деді мақалдатып. Мен оның қандай мағына беретінін білмеймін. Сонда енем, Алла берсе тастамай, айналайын туа бер. Мен 11 құрсақ көтердім, содан екі баланы зорға ұстап отырмын, деді. Содан кейін енем туа бер деді деп, туа бердім, - дейді өнер иесінің анасы.

Назгүл Қарабалина болса енесінің өсиетін тыңдап, 12 баланы дүниеге әкелген екінші анасымен мақтанып алды.



Енесі мен келінінің емен-жарқын сөйлесіп, жарасып отырғанын көрген актердің оқырмандары оларға ақ тілектерін жаудырды.


"Жар таңдауда қателеспеген екенсіз", "Өз қызындай, өз анасындай, қандай керемет. Сіздерден үлгі алуға болады", "Тектіден текті туады деген рас қой. Ата өте керемет кісі еді, бар болғаны 5-6 рет қана бардым, Азамат ағаның үйіне. Сол кезде атаның қандай адам екенін көрдім. Азамат ағаны айтпасақ та түсінікті. Ал енді Назгүлдің жүрегінің кеңдігін айтып тауыса алмаспын. Алла бұндай кісілерге ұзақ ғұмыр берсін. Сұлтан інімнің қызығын көрсін. Аллам бәле-жаладан сақтасын", деп жазды желі қолданушылары.


Айта кетейік, актриса Назгүл Қарабалина Орал қаласының тумасы. Азамат Сатыбалды екеуінің Сұлтан есімді ұлы бар.

Бүгінде ол Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының беделді актрисасы әрі елімізге белгілі "Алашұлы" тобының продюсері.