"Құралай ханыммен 22 жасымда кездестірген Аллаға шүкір!" - Шымкентке атақты Құралай ханым келді

0
7 813

​Инстаграм желісі арқылы өзінің кеңестерімен танымал болған, бұл күнде Ұлттық арнадағы "Бақытты әйел" бағдарламасының жүргізушісі Құралай Ошақбаева Шымкентке келді.


Инстаграм желісі арқылы өзінің кеңестерімен танымал болған, бұл күнде Ұлттық арнадағы "Бақытты әйел" бағдарламасының жүргізушісі Құралай Ошақбаева Шымкентке келді.

Қазақ әйелдерінің өсуі мен даму жолында еңбек етіп жүрген Құралай ханымның семинарына 600-ге жуық әйел қатысты. Шымкент облысынан өзге Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Семей және Жезқазған сияқты шет аймақтардан да келген қыз-келіншектер көп болды.

Олардың барлығы да "Ғұмырларын сұлуландырғысы" келетін әйелдер. Таңғы сағат 11-де басталған семинарда психология ғылымы туралы тың деректер, адамның өзін жеңуі мен арманға жетуі үшін қандай амалдар істеу керек екені сөз болды. Одан бөлек әйелдерге қатысты түрлі кеңестерге мен психологиялық техникалар айтылды.

Одан бөлек келген қонақтарға арнайы ұтыс ойыны ойнатылып, Құралай ханым барлығына қазақы дәстүрмен шашу шашты.

Өмірден өздерін табу үшін келген нәзік жандылар ризашылығын білдіріп, семинар бітсе де сол жердегі жағымды аураны қимай ұзақ жүрді. Көпшілік әлеуметтік желіге де алғысын жазуда.

akmoldir_kuanishbay: "Менің ең бақытты күндерімнің бірі бүгін. Өйткені менің психологиядан көзімді ашқан Құралай ханым Шымкентте. Семинар өте жоғары дəрежеде өтті. Ешкім қайтқысы келмеді. Таңертең 9:30-да сонда болып кешкі 20:00- де қайттым. Байлардың жұтқан ауасын жұттым, байлардың жəне Құралай ханымның энергиясын жұқтырдым. Мен сондай бақыттымын. Мені осы кісімен 40-50 жасымда емес 22 жасымнан бастап инстаграмнан таныстырып, бір емес екінші рет семинарына қатысуға мүмкіндік жасаған Аллаға сансыз шүкір. Инстаграм достарды көріп мəз болып қайттым. Енді сезімімді жеткізе алмаймын. Отличницалардың 20% ішіндегі 20% кіруге бар мүмкіндікті жасаймын. Келем деп келе алмай калған адам каншама. Əлі психологияның иісі мұрындарына бармай жүргендер қаншама. Именно мені осы күні осы сəтте сол жерде болсын деп өссін өнсін өмірін гүл етіп өзі өзгертіп алсын деп Алла маған Құралай ханымды осыншама ақпаратты жіберді. Қыздар бұл кісінің миллиондап оқып келген соншама ақпаратына 20 000 тг төлегеніңіз ол су тегін. Ақпараттармен бөлісе жатармын".

Қазақ әйелдеріне үлгі болған Құралайдай болсын деген бірнеше отбасы кішкентайларын әкеліп ырымдап аузына түкіртіп, тұсау кестіріп жатты.


"Қазақ әйелі де бақытты болуға лайықты"-, деген Құралай ханым Шымкент халқына алғысын айтып, ризашылығын білдіріп кетті.

ERNUR.KZ