Ауыр отадан шыққан Айнұр Тұрсынбаева құрбысына өлең арнаған

0
10 699

Танымал айтыскер ауыр отадан шыққан сәтінде құрбысына өлең арнаған.


Ауыр отадан шыққан Айнұр Тұрсынбаева құрбысына өлең арнаған

Бұл туралы оның құрбысы Гүлбаршын Зайрова өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Санаулы күн бұрын туған күнін тойлаған тележүргізуші ақын құрбысының арнауын да бірге жариялады.

"Аузымыздан Ана сүтті кеппеген тәтті күндерден келе жатқан аяулы құрбымның ауыр отадан шыққан сәтінде маған арнаған жүрекжарды өлеңі (Наркоздан дұрыс оянбаған кезі ғой дейм, "под кайфом" бар шыны мен сырын ақтарып қойған сөйтіп))) Гүл әпшем көре алмай, үш күн ұйқы, төрт күн күлкіден қалып, азыыыып кеткен еді сол кезде. Просто Айнұр екеуміз "динозавр доспыз ғой". Еще ұлымыз Айсұлтан туғаннан ғашық. Негізі, менің Айнұрыма ғашық болмау мүмкін емес... Ол туралы эпопея жазуға болады, #но #обэтомчутьпозже депті ғой))) Аман бол, бар бол, бай бол жаным! Раxмет күнім

"Қызыл раушан гүлді көрсем..
Мұңын төккен түнді көрсем..
Нұрын төккен күнді көрсем..
Сені елестетемін жаным..!
Ақылы асқан дана көрсем..
Мейірімді ана көрсем...
Ақ періште бала көрсем...
Сені елестетемін жаным!
Кер маралдың көзін көрсем...
Таусылмайтын төзім көрсем...
Сарқылмайтын сезім көрсем...
Сені елестетемін жаным!
Жауабы жоқ сұрақ көрсем...
Мөлдіреген бұлақ көрсем...
Үнсіз жанған шырақ көрсем...
Сені елестетемін жаным!
Үлбіреген жібек көрсем...
Құламайтын тірек көрсем...
Жыламайтын жүрек көрсем
Сені елестетемін жаным!
Көз тоймайтын көрік көрсем...
Еркелеген елік көрсем...
Шын сенімді серік көрсем..
Сені елестетемін жаным!"


Мұны оқыған оқырмандары олардың достықтарына разы болып, қызыға қараған. Олардың айтуынша, "Қашанда киімнің жаңасы, достың көнесі жақсы".


Фото: gulbarshynzairova

ERNUR.KZ