"Ауырса сүмірейіп, солып қала ма?": Мереке күйеуінің ауырғанын айттып жұртты күлкіге қарық қылды

0
3 509

Сіз онымен келісесіз бе?


Әзілі де, әні де жарасымды Мереке Қалбаеваны танымайтындар кемде-кем. Өзінің қалжыңдарымен үнемі оқырмандарын күлкіге қарық ететін Мереке бұл жолы Тиктоктағы ең танымал видеосын түсірді.

Видеоны жариялап, "Ойпырмай біз ауырсақ үйтіп-бүйтіп тұрып кетеміз, ал еркектер ауырса жандары қалмайды ия? Сіздердің де күйеулеріңіз сондай ма? Ауырса сүмірейіп, солып қалады ма?" жазба қалдырған.

Оның бұл тапқырлығын көрген жанкүйерлері аз уақытта лүпіл мен пікірге "көміп" тастаған. Сонымен қатар олар Мерекенің сөзін қолдап, "Ауырып жүріп, балаға қарап, ата енеге қызмет жасап, тамақ жасап, тірлік жасап, сомен жазылып кетеміз ғой", "Оой, айтпанызшы. Дүниені төндіріп, қапылдырып тастайды ғой. Әйтеуір әйелдердің шықпай жүрген жанын ай деймін да" деген сынды пікірлер қалдырған.