Бағдат Әшімова: "Асекеңмен бірге ғұмыр кешкенімізге 18 жыл"

0
5 309

Оларды өнер иелері де құттықтады.


Бағдат Әшімова:

Қазақта Асанәліні танымайтын жан жоқ шығар?! Оның театр және кино әлеміндегі қайталанбас образдары, көрермен ұмытпайтын болмыстары - мәдениет өнерінің дамуындағы орасан еңбек.

Халық сүйікті актерінің шығармашылығынан өзге, оның тағдыр жолының бұралаңдығын да жақсы біледі. Атақты актердің Бағдат ханыммен отбасын құрғанына 18 жыл болыпты. Бұл туралы актердің жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасына жариялап, отбасылық суреттерімен бөлісті.

Бұл жаңалықты көрген желі оқырмандары да оларды отбасылық мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін ақтарған. "Құтты болсын!Асанәлі ағамыздай 100 жылда бір туатын бәйтерегіңіз аман болсын!Аллам сіздерге кішкентай Асанәлінің қызықтарын көруді нәсіп етсін!!!Кішкентай Асекеңнің баласын иіскеуді сіздерге жазсын!!!Асанәлі ағамыздай ойнай алатын актёр жоқ,өзім әлі күнге дейін ағамыздың киноларын қайталап көре беруден жалықпаймын. Ағамызға менен ,бір көрермені ретінде сәлем айтыңызшы" деген сынды ыстық ықыластарын әлі де жазуда.

Сонымен қатар, актерді өнер жұлдыздары да құттықтаған. Оны эстараның королі Мейрамбек Бесбаевтың соңғы постынан аңғаруға болады.