Бағлан Әбдірайымов: "Неше түрлі ой келіп, қорқыныш билеп жүр...."

0
11 815

Танымал әншінің қорқуына анасының ауруханаға түскені себеп болып жүр екен.


Бағлан Әбдірайымов:

Танымал әншінің қорқуына анасының ауруханаға түскені себеп болып жүр екен. Ол туралы "Жігіттердің" салмақты солисті өзінің инстаграм парақшасына жариялады.

baglan_abdraimov: "Бір апта бұрын анамның қан қысымы көтеріліп, есін жоғалтып жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілген! Есіте сала ауылға ұшқам. Анаммен жүздесіп, көңілім орнына түскен. Екі күн бұрын ауруханада тағы сол жағдай қайталанып, жансақтау бөліміне түсті. Есин жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз! Алматы, Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салуда. Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр! Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы. Сіздерден несін жасырайын... Неше түрлі ойға шомылып қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады! Тілекші болыңыздаршы!"


Мұны оқыған желі қолданушылары әншінің анасының денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, саулық тілеп жатыр.

Біз де Бағлан Әбдірайымовтың анасының тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз.

Фото: baglan_abdraimov

ERNUR.KZ.