"Жігіттер" квартетінің оғланы Бағлан шоу-бизнестегі бауырлары "Alem Band" тобының жігіттерін сынға алды.
"Жігіттер" квартетінің оғланы Бағлан шоу-бизнестегі бауырлары "Alem Band" тобының жігіттерін сынға алды.
"Еркош, аузыңнан ана сүті дәмі кетпеген, буыны қатпаған, сары ауыз балапан едің... Бүгін міне, Байзаковамен клипке түсіп, көтенін сипап жігіт болыпсың! Қасыңдағы жігіттерді де құттықтап қой! Ата - аналарың ағайын - туыстың алдында беделдері артып, "міне біздің балаларымыз" деп мақтанып жатқан болар, ия? Рухани жаңғыру аясында руханиятымызды дамытуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтам! Отбасымызбен дастархан басында сүйсініп тамашалайтын клип екен! Клипке кеткен шығынды "садақа" деп қабылдаңдар, еке есе қайтады ғой! Аман болыңдар!"-, деп өзінің инстаграм парақшасына жазған Бағланның сөзінің астарын түсінген жұрт оның ойын қоштады.
Көпшілік шынында бұл пікірдің жаны бар екенін айтып, жас жігіттер осы сөзден кейін ойланса деген пікір білдірді. Бағланның сөзіне қосылғандардың қатарында танымал әнші Ғаділбек Жанай, "Алаш ұлы" және "Меломен" тобының жігіттері де бар.Фото: baglan_abdraimov
ERNUR.KZ