​“Бұл үшін 20 млн жұмсадым”: 2RAR продюсерінен неге кеткенін айтты

0
2 989

2RAR атымен танылған әнші Тұрар Ыдырысов қазір өз атымен шығып жүр. Оның себебі продюсерімен арада жанжал туындаған. Әншінің өзінен анығын білу үшін хабарласып, сұраған едік.


​“Бұл үшін 20 млн жұмсадым”: 2RAR продюсерінен неге кеткенін айтты

Қазір 2rar емес, жай ғана Тұрар болып шығып жүрсіз. Мұның сыры неде?

Бұрынғы продюсерім Назира ханыммен келіспеушіліктер туындады. Содан кейін екі жаққа кету керек деп осы шешімге келдік. Одан кейін оңай болды деп айта алмаймын. Дегенмен тыңдарманың болғанда өшу мүмкін емес.
Ғаламтордан сіздің бұрынғы әндеріңіз өшіп кетті. Келісім-шартты кім тоқтатты?
Бұған дейін бізде арнайы келісім-шарт болды. Бірақ бекітілген мерзімге дейін жасауға мүмкіндік болмады. Бұл шешімге екеуара келістік. Әлі де процесстер болып жатыр. Нақты не боп жатқанын қазір айта алмаймын.
Әлеуметтік желі қолданушылары продюсермен араңыздағы кикілжіңге сіздің тарапыңызға хейт көп жазып жатыр. Осыны қалай қабылдадыңыз?
Бұл сұраққа жауап бере алмаймын…
Жалпы шығармашылығыңызда көп әннің шығу тарихы бар. Соңғы шыққан “Жо-жоқ” әні кімге арналған? “Бұл әндердің бәрі сенікі ала бер, Мен жаңасын жазып аламын” деген жолдар нені айтқысы келді?
Бұл бір тыңдарманның оқиғасынан жазылған туынды. Маған қатысы жоқ. Тыңдарманым жекеге оқиғасын жазған бллатын. Ал сіз айтқан жолдарды өз тарапымнан жай қостым.
Жақында 20 млнға “Мұңды өлең” атауымен әйелдердің құқығы, зорлық-зомбылық көрсететіні туралы бейнебаян түсірдің. Бұл рас ақпарат па?
Иә, рас. 300-ден аса адам жұмыс істеді. Мұны бір немесе жарты күн түсірмедік. 3 ай дайындалып, бір апта түсірдік. Бұл клип үшін бір машинадан бас тарттым.
Болашақта қандай жоспар бар?
Жалпы өзімнің жеке шыққан кездегі тырнақалды туындыларым шығып жатыр. Себебі бұрынғы продюсерімнің кезіндегі әндерді мен қолдана алмаймын. Сол себепті бір айдың ішінде жаңа әндер шығарамын. Бұйырса, алда альбом шығарып, жеке концертімді беру жоспарда тұр.