«Бір өзі тұтас оркестр». Қазақ қызы домбырамен Дубай халқын таң қалдыруда.
«Қазақ аруы -2019» байқауының жеңімпазы, домбырашы, Ақтөбедегі «Алтын домбыра» студиясының негізін қалаушы Алтын Жұмағалиева Дубайдың қақ ортасында отырып, домбырамен қазақ күйін шертіп, ұлттық рухымызды көтерді.
Иығына көк туымызды жамыла отырып, Сауд Арабиясының туризм орталығына айналған алып қалада қазақ халық күйін тарту еткені желідегі оқырмандардың қызығушылығын әрі сүйіспеншілігін туғызды. Инстаграмға жүктелген видео аз уақыттың ішінде 15 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген.