"ЕКІ МЫҢ ДОЛЛАР БЕРДІМ": Нұрлан Албан Арыстықтарға ақша бердім деп қарап отыра алмайтынын айтты

0
2 080

Өнер адамдары да Арыстықтарға қаржылай қолдауын білдіріп жатыр


Арыстағы орын алған қайғылы жағдайды елеп-ескеріп келген өнер жұлдыздарының қатарынан әнші Нұрлан Албан да төбе көрсетті. Халықтың жан- айғайын жоғарыда отырған билікке жеткіземіз деген танымал әншіні кішкентай жас сәбилердің болашағы алаңдататын көрінеді. Қазағының басына туған қайғыны көріп жай жата алмаған әнші, қаржылай да көмегін аямағанын жеткізді, деп жазады ERNUR.KZ.

"Әншілер қауымы қарап жатқан жоқ. Көп түкірсе көл деген. Қаржылай да, материалдық тұрғыдан да көмек қолын создық. Дегенмен де, біз ақша бердік деп қарап отыра алмадық. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен келдік. Барлығымыз бір күнде келіп жоқ болып кетпей, кезекпен баруға тапсырма берді. Жұбату айтсақ, басу айтсақ, сосын бұл кісілер неге тарығып жатқанын көзімізбен көріп, ертеңгі күні біз жоғарғы жақтағыларға мынау түгел, мынау жетіспейді екен деп жеткіземіз... Біріміз Алматыда, біріміз Астанада талтайып жатып "мен мың доллар бердім, екі мың доллар бердім" дегеннен гөрі халықпен жүздесуді жөн деп таптық. Кішкентай балаларымыздың жүрегі шайылып қалған. үлкендер шыдайды, ал болашағымыз мына жас балаларды ойлауымыз керек", - деп Нұрлан Албан өзінің Түркістан облысына келгендегі мақсатымен бөлісті.

Қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, елдің қайғысын бірге бөлісуге келген Нұрлан Албан, Оңтүстік өңіріне соңғы келуі емес. Арыс тазаланып, ел көшкенде кіріп қуанышын бөлісуді борышым деп біледі.

"Бұл менің соңғы келуім емес. Арыс қаласы жақсылап тазалансын, Отанына оралсын. Міндетті түрде Арыс қаласына келеміз. Ол кісілердің үйлеріне кіріп, жүзіндегі қуанышты көруге келеміз",-деді әнші.