«Ең кедей отбасында өстім»: Айнұр Тұрсынбаева балалық шағының ауыр болғанын айтты

0
1 782

«Бір мектеп формасын 4 жыл кидім»


«Ең кедей отбасында өстім»: Айнұр Тұрсынбаева балалық шағының ауыр болғанын айтты

Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірі, балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті. Айтыскер ақынның айтуынша, жастай жоқшылықта өсіпті, көптеген қиындықпен бетпе-бет келіпті. Үстіне киім, аяғына аяқ киімі болмай әбден қиналған екен.

«Адам бақытсыз болып немесе кедей болып тумайды. Кез келген адамның бақытты, бай болуға қақысы бар» деген Тұрсынбаева әрекет еткен адамның қандай да тығырықтан жол таба алатынын жеткізді. Мәселен, бүгінде ел білетін айтыскер, танымал блогер Тұрсынбаева бір кездері өз ауылындағы ең кедей отбасында тәрбиеленген.


«Менің

өмір тарихымды білмейтіндер көп. Мен біздің Көкжыра ауылындағы ең кедей отбасында өскенмін. Пойызға алғаш 12 жасымда міндім. Оған дейін мен тіпті кәдімгі «Жигулиге» мініп көрмегенмін. Тек сары автобуспен жүретінбіз.
Апам ауылда ішек-қарын тазалап, ақша табады. Мектепке киетін форманы алатын ақша жоқ, бір форманы 4 жыл кигенмін. Бойым өсіп кеткен, көйлек сыймай тырысып тұрады. Қимылдасам, сөгіліп кете беретін.
Пимам болатын, көп сырғанағаннан ескіріп кеткен, табаны тесіліп қалған. Осы пимамен 2-3 жыл жүрдім. Шылқылдаған су, қақаған аяздан тапқаным – ревматизм. Әлі күнге дейін күн бұлттанса, аяқтарым қақсап кетеді»,
- дейді айтыскер өткен өмір белестерін күрсіне еске алып.