«Ерке әйел болдым» : Роза Рымбаева өмірінің шындығын жайып салды

0
1 691

«Келінім демеймін, қызым деймін»


«Ерке әйел болдым» : Роза Рымбаева өмірінің шындығын жайып салды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында отбасы, марқұм енесі, балалары мен келіні жайында айтты. Әнші қазіргі таңда екі ұлы және келіні Ақеркемен бірге тұрады.


Қазақстанның халық әртісі келінімен жақсы қарым-қатынаста екенін жасырмады. Айтуынша, ол қазір өте бақытты кезеңді басынан өткеріп жатыр. «Балаларым және келініммен бақыттымын. Келінім демеймін, қызым деймін. Олардың іс-әрекеті, талпынысы, тіршілігіне қарап тәубе деймін», - деді.


Сондай-ақ ол жолдасының анасы өте ақылды және текті әйел болғанын айтып, марқұм енесін еске алған.


«Менің енем марқұм Фатима апа мен атам Оқап ата ауылда тұрды. Жыл сайын Алакөлге ауылға барып, шомылып, ол кісілерге еркелеп қайтатынбыз. Өте зиялы адамдар болды. Ол адамның тегінде, қанында болады екен ғой. Менің жолдасымның, балаларымның тектілігі ата-енемнен берілген. Ол кісілерден мен жақсы қасиеттер үйрендім. Ал өмірдегі ең бақытты кезеңім жар және ана атанған кезім. Тағдыр адамның маңдайына жазылатын дүние ғой. Бақытты жар, ерке әйел болдым. Сол кісінің басшылығымен, демеуімен «халық әртісі» деген деңгейге жеттім. Сондықтан барлық жағынан бақыттымын. Қазіргі өмірім де бақытқа толы. Себебі, балаларым өсті, келінім бар. Ендігі тілегім, осы бақытым баянды болса екен, - дейді халық әртісі.