"Еркек - топырақ": Белгілі психолог "Жігіт жоқ" дейтін қыздарға кеңес берді

0
4 388

"Отбасын құрғанда, қыз өзіне пар жігітті емес, жігіт өзіне шақ қызды таңдағаны дұрыс!" дейді ол.


Қыз-келіншектердің мотиваторы, белгілі психолог Құралай Ошақбаева күйеуге шыққысы келіп жүрген аруларға ақыл айтты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бойжеткендерге жігітті қалай және қайдан табу керектігі жайлы жазбасын жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушыларына «Құралай ханым» атымен жақсы таныс Құралай Ошақбаева бұл жолы "Күйеуге шығу" мәселесін сөз етеді. Блогер ерлі-зайыптылардың жас айырмасы жайлы да өз ойымен біліскен.

"Менің жеке ойым, әйел ер-азаматтан жасы кіші болғаны дұрыс! Әйел еркектен энергетикалық жеті есе мықты! Ол деген - жігіт ойша бір барып келген жерге, сен жеті рет барып қайттың деген сөз!

Бойдақ қыздар бір жігіттен екі рет лайк алса, ойша күйеуге шығып, қиялында дүкенде фата өлшеп жүреді. Ол біздің энергиямыздың өзімізден бұрын жүгіретіндігінде", - дейді Құралай ханым.

Белгілі блогердің "Жігіт жоқ" дейтін қыздарға да жауабы дайын.

"Негізі қыз 25 ке келгенде, болып-толып алады да, таңдауды бастайды. Отбасын құрғанда, қыз өзіне пар жігітті емес, жігіт өзіне шақ қызды таңдағаны дұрыс!

Жігіт жоқ деген жоқшылық сіздің санаңызда! Күнде үйден шыққанда: "Еркекті Құдай топырақтан жаратқан! Топырақ деген көп, демек жігіт көп! "Күйеуге шығуға дайынмын" деп солдаттар секілді шығыңыз. Біраз күннен соң, қайда жүрсеңіз де, айналаңызда бір қора жігіт қайдан пайда бола қалатынына таң қалып, қапылып, арасынан тыңайтылған топырақ іздеп шапқылап кетесіз" , - деп жазды психолог.