Еркенің сіңілісі: "Ұзату көйлегімнің матасын 2000 теңгеден сатып алдым"

0
23 783

Әншінің сіңілісі көйлегін ұзатуға екі күн қалғанда өзі тіккен.


Еркенің сіңілісі:

Атақты әнші Ерке Есмаханның сіңілісінің ұзату тойын бүкіл ел болып сөз еткені бәріңізге белгілі. Әсіресе көйлегін сынап-мінегендер көп болғаны жасырын емес. Сол сөзден шаршады ма екен, Ақбөпе ханым көйлегінің "хикаясын" айтып берді.

Өзі стилист қыз ұзату көйлегін өзі тіккен. Бұл туралы "Мен ушiн ыңғайлы, жеңiл, қарапайым және жарасымдылығы маңызды болды. Ұзатуға 2 күн қалғанда көйлектi тiгiп бастадым. Үлгердiм)! Өз басым "пафосты" жақсы көрмеймiн. Бiр күндiк салтанатқа 300 мың тенгенi су сиякты ағызып жібергенiм ұяттау болатын едi. Жерде салақтап, бүкiл тойдың қоқысын терiп, отырып тұратынын тағы бар. Билейсiң, суретке түсесiң, "ажемнiң үйiне де" барып тұру керек дегендей...

Сосын қыздар тек ұзатуда ғана казақи көйлекпен инабатты-ибалы болып қалатыны сiздердi таң қалдырмай ма? Әрине, бұл қыздын таңдауы. Ал, менiң тандауым осындай. "Удобство!"

Айтпақшы, мейкап))

Бетiмде бiр "шiли" бояу жоқ. Елестетiп көрiңізшi күнде бояусыз жүрiп, ұзатуға "айуанский" боянып алсам, сосын менi Тимур тойда iздеп журсе)) Қысқасы Пайғамбарымыз айткандай "тәкаппарлықтан сақтанындар! Қарапайымдылықты сақтаныздар!".

P.S. Көйлектiң матасының метрi - 2000 теңге.) Мен аямай 10 метр алдым. Астары, сырғыма, жiптерiмен 25000 теңге жұмасадык. Жасыратыны жоқ) Өзiм сондай "экономичный" адаммын" деп жазба қалдырды парақшасына.

Әрине, мұны оқыған көпшілік оның қарапайымдылығына риза болып, бақыт тілеп енді түсінуге тырысқандай.

Ал, сіз қанша теңгелік той көйлегін кигіңіз келеді? Сіз үшін оның бағасы маңызды ма?


Фото: abdrash_akbupe

ERNUR.KZ