«Бұл махаббат»: Ержан Максим мен Алсудың қызы көрермендерге бейнебаян ұсынды (видео)

0
3 005

Ержан мен Микелла "Бұл махаббат" әнін 2019 жылы мамыр айында өткен "Жаңа толқын" балалар байқауында бірге шырқаған еді.


«Бұл махаббат»: Ержан Максим мен Алсудың қызы көрермендерге бейнебаян ұсынды (видео)

"Голос. Дети" жобасының 6-шы маусым жеңімпаздары Ержан Максим мен Микелла Абрамованың "Бұл махаббат" әніне түсірілген бейнебаяны көрерменге жол тартты. Аталған бейнебаянды Микелла Абрамова өзінің YouTube желісіндегі ресми каналына жүктеген. 11 шілде күні желігі жүктелген бейнебаян 360 мыңнан астам қаралым жинап үлгеріпті.

Бейнебаянға Алсудың кіші қызы ғана емес, үлкен қызы Сафина Абрамова да түскен.

"Міне, көптен күткен премьера. Ержан Максиммен бірге түсірілген бейнебаянда махаббат деп аталатын жарқын сезім жайлы баяндалады. Оны әрдайым жүректеріңізде сақтауды ұмытпаңыздар!

Ән жазуға және түсірілімге атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіремін. Жұмыс керемет болды, ал нәтиже барлық үмітті ақтады!" – деп жазды Микелла өзінің әлеуметтік парақшасында.

фото:tengrinews.kz