"Интимді сұрақ": Танымал актриса көпшіліктің орынсыз сұрағына шамданды

0
1 960

"Неге бала көтермей жүрсің?


Танымал актриса Мадина Оспанованың бір жыл бұрын тұрмыс құрғаны белгілі. Қазір оған ең жиі қойылатын сұрақтың бірі - "Неге бала көтермей жүрсің?".

Бұл сұраққа актриса "OYBAY SHOU" бағдарламасында жауап берді.

"Кімнің қандай жұмысы бар? Құдай сақтасын, бәлкім ол адамның өзінің проблемалары бар шығар немесе оның жұбайының проблемасы бар шығар?! Сондықтан ол - интимді сұрақ, орынсыз сұрақ" -, деген Мадина Оспанова бұл сұрақтың ешқандай көңіліне тимейтінін, сұрақ қоюшының деңгейі деп қарайтынын айтты.


Актрисаның жауабын тыңдаған оқырмандар мен оның жанкүйерлері тілектестігін білдіріп, "Ақылы бар қыз екен. Ұл тап. Үлкендерді сыйлай білгенің. Бақытты болып, қосағыңмен қоса ағар" деген пікірлер қалдырған.