«Кісілігің тас жарып барады»
Қазір эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімованың екіге айырылысқаны туралы қауесет желдей есіп тұр. Алдын бірге түскен видеосын көрген желідегілер «Ажыраспапты» деп қуанып еді, артынша Қайраттың Мальдивыда өткен туған күніне балаларын апара алмайтынын айтып, көзіне жас алған видеосы шыққанда елеңдеп қалды.
Оның соңын ала жұлдызды жұптың анасы Гүлзира Айдарбекова: «Естерін жияр, бала-шағасы үшін ойланар. Мен не істей аламын?!» деген сыңайдағы пікірімен бөліскен еді. Сәл уақыттан кейін Жұлдыз Әбдікәрімова жеке парақшасында: «Люди часто стремятся выйти сухими из воды, забывая о том, что из воды надо выходить чистыми» деген жазба жариялады. Бірақ, оны артынша өшіріп, орнына «Түнгі поэзиясын» алмастырып қойды. Оқырмандар дәл сол өлең Жұлдыздың қазіргі халін сипаттап тұрғанын айтуда. Бұл посттың астында көптеген пікірлерді оқуға болады.
«Осы Жұлдыздың құтырып жүргені Қайраттың ата-анасының арқасы. Қай ана балам жаман болсын дейді. Он жыл отырып, бірден сахнаға шығып ән айтты. Оның бәрі Қайраттың арқасы», «Жұлдыз керемет қыз ғой. Бір күшті жігіт кездесіп тұрмысқа шығып кетсе, бәрі шок болып қалатын шығар. Алтынай да 4 қызымен шықты ғой. Бірақ, періште әумин деп қойса», «Ақыры жүрегіңіздің қан жылап жүргенін мойындапсыз ғой. Әрине, оңай емес. Мен сізді түсінемін, қолдаймын. Ешнәрсе оңай емес», «Жұлдыз, байлық бақытты қылмайды. Сенің бақытың балаларың. Мансап, ақшақұмар енең мен байыңа сенбе!», «Шешілмейтін түйін жоқ, бәрі жақсы болады», «Жұлдызжан-ау, өзің бір қадам жасасаңшы, араларың тым ұзап бара жатыр ғой. Ұзаған сайын да алыстап, бір-біріңе салқындай бересіңдер. Қазақтың тағы бір отбасы бұзылмаса екен, араларыңда не болғанын білмейміщ, білмей-ақ та қояйық. Дегенмен ортада тұрған 4 баланың көңіліне қаяу түсіріп, жүректерін жаралап жатырсыңдар. Ойланыңдар, сіңлім! Бәрі жақсы болады!», «Жұлдыз, жұрттың сөзіне алданба! Қайратты тағы бір рет кешір, отбасыңмен бақытты болыңдар! Ұл өсіп, қыз бой жеткенде мыналарың дұрыс болмады. Екеуің де ойланыңдар!», «Түштәң-түштәң етіп Еркенікі не? Жұлдыздың орнын баса алмайды. Еркенікі сюрприз емес, еріккендік», «Екеуің де стрессте жүрсіңдер. Осындайда жастарды қосып жіберетін үлкендердің жоғы өкінішті. Көкіректікті баласының бақытынан биік қоятындарды түсінбеймін», «Қайраттың арқасында адам болып алып, кісілігің тас жарып барады. Сен кімсің? Сен ешкім емессің. Ел сені Қайрат Нұртастың қатыны болған соң көңіл аударып жүр. Байыңның қадірін білмейтін қандай қатынсың ғой» деген сияқты пікірлерін қалдырды.