"Как всегда без понтов нельзя": Халық Әбдіжаппар Әлқожаның ерсі қылығына ашуланды

0
1 985

Беташарда әншіні достары көтеріп, ортаға алып шыққан.


Әндері де, өзінің сөздері де хит болып жүретін Әбдіжаппар Әлқожа тағы да сынға қалды. Оған әншінің соңғы жазбасы себеп болған.

Досының беташарында ортаға ақша салуға шыққан әншіні достары көтеріп алған. Ал әншінің қолында бір бума ақша.

Мұны көрген желі қолданушылары ерсі қылық санап, түрлі пікірлер жазуда. Олардың көпшілігі "Сондай ақша салсаң, көтеріп жүреді ғой", "Тағы берсең, сомолетпен алып келеді" деген сынды пікірлер қалдырған.

Ал кей оқырман оны тек қалжың ретінде қабылдаған.