Қарақат Әбілдина: "Енесін анасынан бөлген адамның бағы жанбайды!"

0
5 450

Екі анасына бірдей қарайтын әнші оларды бірге демалысқа жіберген.


Қарақат Әбілдина:

Әншілігінен бөлек, өнегелі әңгімелерімен жұртты тәнті етіп жүретін Қарақат Әбілдина бұл жолы өз оқырмандарына ана мен енеге бірдей қарау керек екенін айтып, кеңес берді.

Бұл туралы аналарының суретін салған Қарақат ханым төмендегідей жазба жариялады. "Бұл өмірдегі басты міндетіміз де осы кісілерге көңіл бөлу, жағдай жасау ғой. Олар үшін ең жақсы, ең жайлы дүниені ұсына алсақ, перзенттік борышымыздың орындалғаны. Біз үнемі қос анамызға бірдей жағдай жасап, кез келген жерге бірге жіберуге тырысамыз. Расында, енесін анасынан бөлген жанның жолы ашық болмайды, бағы жанбайды дер едім. Әрдайым оларды бірдей ұстауға тырысқан жөн. Қос асылымыз қыстың алдында бір қуаттанып алсын деп үздік шипажайға жібердік"-, деген әнші аналарға амандық тіледі.

Ене мен келін тақырыбы бұрыннан өзекті екені белгілі. Ел алдында жүрген жұлдыздың жақсылықты дәріптегенін айтқан оқырмандары да аналарына амандық тілеп, ізгі ниеттерін жеткізіп жатыр. Одан бөлек, көпшілі "Барлығы сіз сияқты тең қараса екен", "Ата-анасына жақсы қарағандар пейіштен орын алады дейді, бұйыртсын!" деген ыстық лебіздерін пікірге жарыса жазуда.

Фото: karakat_a

ERNUR.KZ